Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (15)

Маңғыстаумен сырласу

Боз таулар бұлдырайды үнсіз ғана,
Батқанда көкжиектен күн сыздана.
Алқызыл өртке оранып теңіз беті,
Толқын көрпе оранды Күн-Қыз бала...

Толық

Оғландыда

"Шыңырауды" оқып шындықпен келді танысқым
Шымырлап жатқан шымырауыңа кеп бал іштім
Үстірттің сонау жоталарына теңізден
Үлкен каналын ағызсам ба екен, Қаныштың...

Толық

Қарашада қар астында бір гүл тұр...

Таң алдында түн жәннатқа малынып,
Тамшы тұнған жас құрақ гүл жамылып...
Көкте жұлдыз жасырынбақ ойнайды,
Ай артынан жалғыз шолпан табылып...

Толық

Сағыныш күзі

Жəудіреген күздің жанар-жүрегі
Сары түстер əлеміне тұнғанда...
Сағыныдым ба, неге жаным жүдеді?
Жапырақтан жаңбыр жауып тұрғанда?!.

Толық

Мұзын ерітіп мұңымның гүлін суардым ұжмақтың...

Жынданып шығып
есіктен,
Жылағым келді,
кіре алмай...

Толық

Сағындың ба, Ана?!

Сағынып жүрек,самарқау сəтті сезінген
Сандалып, мынау, сая таппады-ау, өмірден
Сары күздей боп, сарғайып жүрген қызыңды
Сағындың ба, ана, бір тамшы төгіп көзіңнен?!

Толық

"Негелер?" кезіп жүр жағада...

-Назары сұқты
ел екен,- демеңіз:
"Сүйе де білмейтін сүйрікті"
Жоқтауын асырып,

Толық

Жадау жанымның күйін шертемін...

Аллам!
Жолыңды көрсетші,
Жоғалып барады сүрлеуім..
Жоқ іздеп жүріп,

Толық

Қайран жүрек...

Кешегіден бүгін
күнім сүреңсіз,
Қирап жатқан
қиялдарым жүгенсіз...

Толық

Есекдәме....

Есінеген ессіз тірлік
бұл неткен?
Ақтың арын
шайтан қашан күзеткен?

Толық

Көзімнен өзім неге жасырындым?

Арбалып талған көздер
Тылсымдарға...
Аңдасын түсінбедім
Ашуыңның?

Толық

Оралман қыздың монологы

Итермеші, бауырым, көкіректен,
Сөз сүйекті барады, тесіп еттен.
Өз еліңде өзіңді өгейсіту -
Қиын екен, тірідей жетім еткен...

Толық

Жүрегім өлді...

Білмеген екем,
жүректің тірідей өлетінін
Жалындап тұрып,
жалп етіп, мәңгі сөнетінін...

Толық

Оян!

Түн аспаны түнек-бұлттан сейіліп,
Түріп жатыр, қараңғылық түндігін...
Түс пен өңнің өтіндегі кей үміт -
Түлкі бұлғаң... бүтін жүрген кім бүгін?!

Толық